Өткен сәрсенбіде «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы болып өтті. Отырыста қарастырылыған негізгі сұрақ «Кедергісіз келешек» бағдарламасының аудан бойынша жүзеге асырылуы.
Жобаның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамда ешбір кедергісіз толыққанды өмір сүру үшін жағдай туғызу. Сондықтан бағдарламаның ең бірінші қадамы тиісті инфрақұрылымдық жағдайды қамтамасыз ету. Отырыс барысында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Заурбаева «Кедергісіз келешек партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өз бетінше жүріп-тұруын және түрлі мемлекеттік қызметтерді алуға қолайлы жағдай жасау туралы» атты баяндамасымен таныстырды. Өзінің баяндамасында атап өткендей жоба аясында 2021-2025 жылдар аралығында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 149 нысанды бейімдеу жоспарланған. Олардың 30 нысаны 2021 жылы бейімдеуден өтуі тиіс. Бүгінгі таңға, өкінішке орай, көп нысандар қабылданған ережелерге сәйкес келмейді. Осыған орай, семинарлар өткізіліп, аудан әкімі орынбасарларының қатысуымен жиналыстар өткізіліп, сол жерде қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде, аудандағы мекемелерді мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімдеу үшін аудандық бюджеттен 9 млн. 484,5 мың теңге бөлініп, 7 білім беру нысаны мен 5 денсаулық сақтау нысаны үшін қаражат болу туралы ұсыныс облысқа жіберілді. Мекемелерді мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімдеуге пандустар орнату, әжетханаларды жабдықтау және т.б іс-шараларды қамтиды.
Баяндама барысында партиялық бақылау мүшелерінде осы бағдарламаны жүзеге асыру сапасына қатысты біраз сұрақтар туындады. Төле Сүгірбай атқарған жұмыстардың сапасына мән беру қажеттігін атап өтіп, партия мүшелерін бақылауды күшейтуге шақырды. Өз кезегінде Қарлығаш Қыпшақбаева істі бастар алдында егжей-тегжейлі зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қателіктерге жол бермеуге шақырды. Отырыстың нәтижесінде комиссия А.Заурбаеваның баяндамасын тыңдалып, тиісті қаулы шығарды.
Серғазы Манасбаев