«БАҚЫТТЫ БАЛА МЕКЕНІ»

0

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөліміне қарасты №3 Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Бақытты бала мекені» жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды.

 

Лагерьдің мақсаты – сауықтыру, әлеуметтік бейімделген, шығармашылық, білім беру, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру үшін балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ, балалар демалысы және сауықтыру қызметтерінің қолжетімділігін арттырып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға жәрдем көрсету.

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Ж.Сеитова мен педагог-ұйымдастырушы Н.Кумганбаев,  орталықтың  А.Рахматуллаев, Е.Төленбаев, П.Жунисбаев, Э.Базарбаева сынды педагогтары тарапынан балалардың жазғы демалысының әр күні қызықты өтуі үшін түрлі шаралар ұйымдастырылды. Волейбол, футбол алаңдарында доп ойнап, бойларын да, ойларын да сергітуде. Мұнда оқушылар  шығармашылық-пен айналысып, сурет салды, актерлік шеберліктерін шыңдап, театрлық қойылымдар қойды. Оқушылар мұнда ойын ойнап, өнерін ортаға салып, спорттық шараларға қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдалана білді. Жалпы жазғы сауықтыру лагері балалардың ғаламтор шырмауынан бір мезгіл болса да алшақтап, тынығуына жол ашады.

 Меруерт Мырзағұлова, бұқаралық бөлім меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.