Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери байланысшылар әрдайым әскер құрылымдарының алдыңғы шебінен табылады. Өйткені оларсыз бірде-бір операция, бірде-бір жаттығу, бірде-бір команда іске асырылмайды.
Әскери байланысшылардың мүмкіндіктерінде бәрі бар: байланыстың барлық түрлерін – ашық, қашықтағыдан бастап құпиялыға дейінгі аралықта қамтамасыз ету және транкинг желісін немесе бейнеконференцияларды ұйымдастыру. Олар заманауи цифрлық станцияларды, спутниктік және радиорелелік желілерді, далалық телефондарды және компьютерлік желілерді пайдалану арқылы байланыс үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
– Қазіргі заманғы байланыс құралдары мамандардан жоғары біліктілікті талап етеді. Әрбір байланысшы аппаратураның құрылымын, оның жұмыс істеу принциптерін жақсы білуі, тіпті ең қиын жағдайларда да ақауларды тез тауып, жоя білуі тиіс, – дейді байланыс әскерлерінің бастығы, полковник Сымбат Тұяқаев. Әр әскери бөлімде байланыс бөлімшелері бар. Бірақ Құрлық әскерлеріндегі ең ірі бірлестік – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының штабы орналасқан Тараздағы байланыс полкінің мамандарына ерекше жүктеме артылған. Бұл әскери бөлім коммуникацияның «ми орталығы» болып табылады. Байланыс полкі қолбасшыны қарамағындағы бөлімшелерімен және жоғары тұрған штабпен байланыстыратын байланыстың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді. – Байланыс әскерлері армияның тіршілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, өйткені байланыс – әскерлерді басқарудың негізгі тетігі болып табылады, – дейді байланыс полкінің командирі, подполковник Тахир Нартов.
– Біздің полк «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын кез келген ауа райында және кез келген қашықтықта байланыспен қамтамасыз ете алады. Бұл әскери байланысшылардың басты жауынгерлік дағдысы. Әдетте, байланыс әскері алдыңғы қатардан көрінбейді, себебі олар ұрыс шебінен шалғай жатқан жерлерде жұмыс істейді. Бірақ олар оқу-жаттығуға бірінші болып келіп, полигоннан соңғы болып кетеді. Дәл осындай дұрыс жолға қойылған байланыстың арқасында әскери басшылық бұйрықтарды уақытылы бере алады, есептерді жедел ала алады және соның арқасында болып жатқан оқиғалардың толық деңгейін игере алады, әскерлердің әрекеттерін талдай алады, түзете алады және нақты уақыт режимінде жаңа шешімдер қабылдай алады. Осының бәрі байланыстың арқасында жүзеге асады.
– Мен өз кәсібімді мақтан тұтамын, оны мектепте таңдадым, байланыс әдебиетін мақсатты түрде оқыдым, сөйтіп әскери байланысшыларды оқытатын оқуға түстім, – деп әскери өмір жолын мақтанышпен еске алады 28903 әскери бөлімінің байланыс батальонының командирі, майор Руслан Капбасов.
– Біздің жұмысқа берілгендігіміз – таңдаған мамандығымызға деген сүйіспеншілігіміз және үлкен жауапкершілігіміз екеніне сенімдімін. Байланыс орнатылған кезде барлық мәселелерді шешуге болады! Әскери байланысшылардың жұмысы демалыс, мереке күндерін білмейді. Олардың мойнында үлкен жауапкершілік бар: барлық әскерлердің ісқимылдарының сәттілігі ақпаратты берудің дәлдігіне, жылдамдығына және сенімділігіне байланысты. Қазақстанның байланысшылары – армияны біртұтас тұтастыққа біріктіретін сенімді буын.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ