Бүгін аудан әкімі Бегзат Болатбеков 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына барып, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.
Ерекше балаларға қамқорлық көрсетіп отырған мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне табанды еңбектері үшін, балалардың ата-аналарына қажырлық пен батылдық танытқандары үшін алғысын айтты. Балалардың дендеріне саулық тілеп, жылы лебізін жеткізген аудан басшысы балақайларға ала келген сыйлықтарын табыс етті.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Онда аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының өнерлі өрендері ән мен биден шашу шашып, оңалту орталығының қызметкерлері мен тәрбиеленушілері бірігіп өнер көрсетті.
Айта кетейік, жуырда орталықтан «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен жаңа кабинет ашылған болатын. Шара барысында мекеме директоры Эльнура Мінісқұлова аудан әкіміне арнайы оңалту жабдықтарымен жабдықталған жаңа кабинетті көрсетіп, жұмыс барысымен таныстырды.
Балақай, барлығы сенің бақытың үшін
Prev Post
Next Post