БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТАПТАЛМАУЫ ТИІС

0

Өткен аптада аудандық әкімдікте кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай басшылық еткен жиында бірқатар маңызды мәселе қаралып, комиссия мүшелерімен талқыланды.

Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, жеткіншек түрлі әрекеттердің арбауына түсіп, тура жолдан тайып кетуі мүмкін. Сол себептен де қылмысқа барып, басқа да келеңсіз жағдайларға тап болады. Осы орайда, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балаларды ата-анасының қарауынсыз, қадағалауынсыз қалуын болдырмау сынды маңызды мәселерді қарайтын комиссия осы жолы ағымдағы жылдағы атқарылған жұмыстар жайын талқылады.

Биылғы жылы осы бағыттағы жұмыстар туралы жергілікті полиция қызметінің, білім бөлімінің, аудандық орталық ауруханасының, Ноғайбай ауылшаруашылық колледжі және №41 орта мектебінің басшылары баяндама жасап, өздерінің мәліметтерін назарға ұсынды.

Иә, кәмелекте толмағандардың құқығын қорғау, қылмыс жасауын болдырмау жолында жұмыс жоқ емес. Десе де, баяндамашылардың ұсынған мәліметтерінен жасөспірімдермен жасалған қылмыс немесе олардың құқығын бұзу сынды фактілер орын алуда. Тіпті, өкінішке орай суицид және жол-көлік оқиғасы салдарынан адам шығыны да болды. Комиссия төрайымы осы іске жауапты тұлғалардың жұмысын сынға алып, біраз ескертулер жасады.

Жиын барысында Дамира Маратқызы 10-11 сынып оқушылары ата-аналарымен жиналыс өткізу, профилактикалық жұмысты күшейту, балалардың түнгі уақытта жүруіне жол бермеу, мектептердегі тәрбие жұмысын жандандыру, кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, жасөспірімдерге ішімдік сатуға жол бермеу, ерте жүктілік тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынды тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.