Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Бала ананың бақыты» атты тақырыбында ертеңгілік өтті. Аталмыш шараға «Интенсив-білім» орталығының «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері қатысты. Шара барысында балаларға арналған «Қармақ», «Кім жылдам» атты қызықты ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып балалар арасында сурет салу байқауы өтті. Балаларға «Кім тапқыр» сұрақ-жауап ойыны арқылы балалардың сүйікті ертегілерінің әндері жасырылып, тапқыр балаларға жүлделі сыйлықтар берілді. Шара барысында кішкентай әншілер ән орындап, одан соң балаларға тәтті сусындар таратылды.