БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

0

Халық үшін үлкен сын болған пандемия кезінде қайырымдылық ерекше қарқын алды. Өз жерлестеріне қолынан келгенше көмек көрсеткендер қатарында жеке кәсіпкер Құндызай Мейірманова бар. Жұма күні жеке кәсіпкер оқуға баруға мүмкіндік жоқ балаларға қайырымдылық көмек көрсетті.

Бұл күні Сортөбе ауылының №17 ОМ ғимаратында балалардың ата-аналары мен олардың өкілдері жиналды.

«Қоғамдық тамақтану саласында жұмыс жасап жатқанымызға 30 жылдың жүзі болды. Мектептермен қатар, басқа нысандарды тамақпен қамтамасыз етеміз. Ауданда мемлекеттік бюджеттен тамақпен 5400 бала қамтылған. Осы орайда мемлекет, облыс және аудан басшылығына балаларға көрсеткен қамқорлықтары үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгін біз мектепке бара алмай, үйде оқитын балаларға көмек көрсетіп жатырмыз», — дейді кәсіпкер. Түс мезгілінде ұйымдастырылған шараға аудандық және облыстық білім басқармаларының өкілдері қатысты.

«Мемлекетке алғыс білдіреміз. Балалар толыққанды ыстық тамақпен қамтылған. Бұл баланың денсаулығы мен оның дамуы үшін маңызды. Дені сау бала – еліміздің болашағы. Ал бүгінгі шара денсаулығында кемістігі бар, басқа балалармен қатар оқу мүмкіндігі жоқ  балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Бұл іс мақтауға тұрады деп санаймын», — деп іс-шараға қатысқан  ата-анал Марина Верховых өз пікірімен бөлісті.

 

Серғазы Манасбаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.