Қордай ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қордай ауылында жаңа балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай салынған бұл алаң Қарасай батыр мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында орналасқан.
Алаңша түрлі ойын құралдарымен жабдықталған. Мұнда әткеншек, сырғанақ, өрмелеу құрылғылары мен арнайы жұмсақ жабын төселген, бұл балалардың қауіпсіз әрі қызықты уақыт өткізуіне мүмкіндік береді. Көрші көшелердегі балалар осы алаңда бас қосып, еркін ойнап, қуанышқа бөленуде. Ата-аналар да бұл бастаманы қуана қарсы алып, балаларының таза ауада ойнауына мүмкіндік туғанына алғыстарын білдіруде.
Жаңа ойын алаңы ауылдың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға, балалардың белсенділігін арттыруға ықпал етуде. Бұл – елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған игі істердің бірі.
Ауыл тұрғындары үшін тағы бір жағымды жаңалық – алдағы уақытта ауыл орталығында тағы бір балалар ойын алаңының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл бастама Қордай ауылындағы бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді өткізуге және олардың жан-жақты дамуына қосымша мүмкіндік болмақ.