Қордай аудандық «Жасыл» саябағында Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Еркін елдің Ата Заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығын да қарастырған жан – жақты!
Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң, 1995 жылдың 30 тамызында Ата Заңымыз қабылданғаны белгілі. Орталық саябақта өткізілген шараға мамандармен қатар, балалар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып одан соң мерекелік кешіміздтің ресми бөлімін «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов ашып, құттықтау сөз сөйлеп, балаларымызға сыйлықтарын беріп, мамандарды осы мереке қарсаңында аудандық мәслихаттың Құрмет громатасы мен алғыс хатын және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының алғыс хатымен марапаттады.
«Еліміздің Ата заңы – Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк туымыз көгімізде желбірей берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға үлкен-үлкен бақыт тілеп, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер!», — деді ол құттықтау сөзінде.
Шарада, даланың сазы мен қызғалдақтай қимылмен өрнектелген қазақ биімен орталықтың қыздары ашып, Еділбай баламыз «Көк тудың желбірегені» әнін орындаса, мамандармен қызмет алушы қыздарымыздың «Көбелек», «Қол шатыр» биін билеп өнерлерін көрсетіп, орталықтың ұлдары «Қара жорға», «Джентльмен» биімен өнерлерін паш етті.
Сонымен қатар, мамандарымыз мәнерлеп өлең оқып, «Қазақ елі» әнін тамылжыта шырқады.
Н.Жаманкулова, Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының әдіскері