БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0

Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың қолдауымен Сарыбұлақ ауылында балаларға арналған жаңа ойын алаңшасы ашылып, ауыл тұрғындарының қуанышын еселеді. Алаңша балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, спортпен шұғылдануға және белсенді өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.

Жаңа нысан заманауи үлгіде жабдықталып, қауіпсіздік талаптарына толықтай сай келеді. Мұнда әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын құрылғылары, әткеншектер мен спорттық элементтер орнатылған.

Алаңшаның ашылуына орай өткен шағын жиында ауыл тұрғындары мен ата-аналар өз алғыстарын білдіріп, бұл игі істің ел болашағы – өскелең ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті. Аудан әкімдігі тарапынан мұндай әлеуметтік жобалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.