БАЛАЛАР ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ

0

Қордай аудандық прокуратурасы қадағалау аумағындағы білім беру ұйымдарында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге жататын кәмелетке толмағандардың құқықтарының қорғалуына талдау жасап, білім беру мекемелерінде атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған отбасылардан шыққан балаларға заңнамамен белгіленген жеңілдіктердің жүзеге асырылуы өз деңгейінде жүргізілмейтіндігін анықтады.
Талдаумен аудан бойынша тегін ыстық тамақпен мектеп жасындағы 7748 бала қамтамасыз етілуге жататыны, алайда қазіргі таңда тек 6624 бала қамтамасыз етіліп, 1124 оқушының тегін тамақпен қамтылу құқықтары шектелгені белгілі болды.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыратындығы көзделген.
Осыған орай, аудан прокуратурасы қадағалау актісін енгізіп, аталған 1124 баланың құқықтарын қорғады. Қазіргі таңда бұл оқушылар толық тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.