БАЛАЛАР ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАУДА

0

17 сәуір күні  Арал

ауылынан Жамбыл

ауылына қатынайтын

балалар мінген

автобус жол-көлік оқиғасына түсті. 

 

2-ші ауысымның 8 баласын Арал ауылынан Жамбыл ауылына жеткізу кезінде балалар тасыған көлік қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікпен соқтығысқан. Нәтижесінде  8 бала ауруханаға жеткізілген. 1 бала жансақтау бөліміне түскен, 2 оқушы ем-дом алып жатыр.  Қалған балалар үйлеріне қайтарылған.

Анық болғандай, балалар 2-4 сыныптың оқушылары. Жалпы Арал ауылынан 47 бала көршілес Жамбыл ауылына тасымалданып оқиды. Олар Жамбыл ауылындағы №26 ОМ білім алады. Тасымалдауды 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап жеке кәсіпкер қолға алған болатын.

Осы күні аудан әкімі

Бегзат Болатбеков аудандық орталық ауруханаға барып, балалардың жағдайын көріп, дәрігерлерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге, оқушылардың ата-аналарымен сөйлесіп, барлық жағдайды өзінің тікелей бақылауына алғанын айтып, сабырға шақырды. Сондай-ақ,  бірқатар жауапты мамандарға тапсырма жүктеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.