БАЛАЛАР ЖАРАҚАТЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

0

Өткен аптада Қордай ауданы әкімінің орынбасары Д.Сүгірбайдың төрағалығымен, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ә.Қарымсақовтың қатысуымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Сондай-ақ, жиынға мектеп директорлары, директорлардың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарлары, психологтар және әлеуметтік педагогтар қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе – аудандағы кәмелетке толмағандар арасындағы криминогендік жағдайды талқылау болды. Ол бойынша кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор Е.Әбдімов хабарлама жасады. Осыдан кейін аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, комиссия мүшесі И.Черных сөз алып, аяздың басталуымен оқушылардың көшеде жарақат алуы, құлау фактілері жиілеп кеткенін, сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтарында да балалардың жиі жарақат алатындығын атап өтіп, балалар жарақатының алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.