Балалар – қоғамның ең әлсіз әрі қорғалуы тиіс мүшелері. Алайда бүгінгі күні көптеген балалар физикалық және эмоционалдық зорлық-зомбылыққа ұшырап отыр. Бұл мәселе тек жеке отбасының емес, тұтас қоғамның қасіреті болып табылады.
Физикалық зорлық-зомбылық – баланы ұру, итеру, денесіне зақым келтіру сияқты әрекеттер арқылы көрінеді. Мұндай жағдайда баланың тек тәні емес, жан дүниесі де жараланады. Ал эмоционалдық зорлық-зомбылық – қорқыту, кемсіту, елемеу, балағаттау сияқты психологиялық қысым түрінде білінеді. Мұндай зорлықтың салдары тереңде жатыр — балада үрей, өз-өзіне сенімсіздік өзін–өзі төмен бағалауы, күйзеліске бейімділік, жұрт алдында тұра алмауы, көңіл-күйдің төмендеуі – басты белгілері пайда болады. Әсіресе мектепте немесе әлеуметтік желілерде айтылған дөрекі сөздер балаға қатты әсер етуі мүмкін.
Зорлық-зомбылықтың негізгі себептері ретінде ата-ананың білімсіздігі, тұрмыстық қиындықтар, алкоголь мен есірткіге тәуелділік, отбасындағы тәрбие әдістерінің қателігі аталады. Сонымен қатар, кейде балаға мектепте немесе интернетте де зорлық жасалуы мүмкін.
Бұл мәселені шешу үшін ата-аналар мен педагогтер балалардың құқығын қорғау туралы білім алуы, оларға жылы қарым-қатынас орнатуы керек. Ата-анамен бала ортасында сенімді ара- қатынас болуы маңызды. Баламен көп уақыт өткізіп, қызығушылықтарын сұрап, спортпен, өнермен шұғылдануға көмек, қолайлы жағдай жасау керек. Баланы тыңдай білуде өнер, оның ойын, айта алмаған проблемаларын шешіп беру. Балаға қиын көрінгенмен ересек адамға оңай дүние. Мемлекет пен қоғам тарапынан да балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру, психологиялық қолдау қызметтерін кеңейтуі абзал.
Мектептер, ұйымдарда психологиялық қызметтің болу барысы – мектеп психологтары балалармен жылы қарым-қатынаста бола отырып, сенім арқылы осындай жәбір көрген балаларды анықтап, зорлық-зомбылықтың алдын алу маңызды.
Білім бағдарламалары бойынша мектептер мен балабақшаларда ұстаздар мен оқушыларға зорлық–зомбылықты тану және алдын алу тақырыбында жиі дәрістер ұйымдастырып өткізіп тұруы дұрыс.
Баланың бақытты балалық шағы – оның болашақ өмірінің іргетасы. Сондықтан әрбір ересек адам балаға қамқор болуға, оның қауіпсіздігі мен эмоционалдық саулығына жауапты екенін ұмытпауы тиіс.
Баланың бақытты өмірінде жан-жақты дамуына, салауатты денсаулығына, бір-біріне сыйластыққа негізін қалаған тәрбиелік орта аса маңызды. Физикалық және эмоционалдық зорлық зомбылық – бұл әсері ұзақ және ауқымды проблема. Оның алдын алу үшін әрбір адам – ата-ана, мұғалім, психолог, және қоғам мүшесі – жауапты. Баланың жан дүниесін қорғау – болашаққа қорғаның берік негізін қалау деп білуіміз тиіс.