Жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз конституциялық құқығын пайдаланғандардың қатарында жас отбасылар да бар.
Солардың бірі — Темірлан Утегенов пен Жанерке Есенқұлова. Ерлі-зайыптылар кішкентай қыздарын ертіп, Қордай ауылы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінде орналасқан №234 референдум учаскесінде дауыс берді.
Темірлан мен Жанерке еліміздегі саяси науқандардан тыс қалмайтындарыүэн жеткізді. “Біз үшін өз дауысымызды беру – еліміздің дамуына үлес қосу мүмкіндігі. Бүгінгі референдум – біздің балаларымыздың болашағы үшін жасалып жатқан маңызды қадам”, – дейді олар.
Балаларымыздың болашағы үшін
Next Post