БАЛАНЫ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?

0

Бала – кішкентай зерттеуші, сондықтан ол айналасын тану мақсатында түрлі, соның ішінде, қауіпті әрекеттерге де барады. Әрине, терезе және оның артындағы әлем – бала үшін өте қызық әрі таныс емес дүние екені құпия емес. Баланың терезеден құлауының басты себебі – бала қолымен оңай ашылатын қорғалмаған терезе. Москит тор да баланың терезеден құлап кетуіне себеп болады: бала москит торға сүйенуге болады деп ойлайды, алайда ол оның салмағын көтермейді.

Соңғы жылдары баланың терезеден құлауы жиіленген. Себебі бұрын үйлерде ағаш терезелер болды, олар оңай ашыла қоймайтын. Сонымен қатар, ол кезде үйді желдету үшін тек форточкасын ашу жеткілікті болатын: оған баланың бойы жетпейді. Ал қазіргі терезелер физикалық күшті қажет етпей-ақ оңай ашылады және желдету үшін бүкіл терезені ашуды қажет етеді. Егер терезенің қасында үстел немесе тумбочка тұрса, бала өміріне деген қауіп жоғарылай түседі. Балаларда, әсіресе, қасында ата-анасы бар кезде қорқыныш сезімі болмайды. Сондықтан 1-2 минутқа алаңдап кетсеңіз, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін.

Мұндай жағдайға 5-жасқа дейінгі балалар, соның ішінде ұл балалар жиі тап болады. Қайғылы жағдайдың орын алуына терезенің жанында тұрған жиһаз жиі себепкер болады екен. Бұл баланың өзі терезедегі ойындардың барлық қауіптілігін бағалай алмайтын, ал ересектердің ешқайсысы оған түсіндірмеген жас. Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларды қараусыз қалдырғанда орын алады.

Осыған байланысты аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі барлық ата-аналарды қырағы болуға және кішкентай балаларды терезелері ашық бөлмеде қалдырмауға шақырады.

Үйде бала болса, терезені ашық ұстамаңыз!

Баламен терезенің алдында ойнамаңыз. Даладағы көліктерді, адамдарды көрсету үшін баланы терезенің алдына отырғызбаңыз. Ол қасында сіз жоқ кезде де солай отырып көруге болады деп ойлайды.

Бала өз бетімен терезеге шығып алмау үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден жылжытыңыз.

ЕШҚАШАН москит торына сенім артпаңыз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған! Керісінше – москит торы трагедияға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар осы торлармен бірге жиі құлап түседі.

Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.

Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп, терезелерге блокираторларды (арнайы бекіткіштерді) орнатыңыз!

— Балконға әйнек салу керек.

— Аз уақытқа болса да балаларды үйде жалғыз қалдырмау қажет.

Бала  ата-анасының және отбасы-дағы басқа да ересек адамдардың әрекетін қайталайтынын және олардан үлгі алатынын ұмытпаңыз. Сондықтан өзіңіз де терезенің алдына отырудан, терезеден басыңызды шығарып, төмен салбырап қараудан және терезе арқылы даладағы адаммен сөйлесуден аулақ болыңыз. Әрдайым терезеге алыстан қарап, қатты жақындауға болмайтынын түсіндіріп жүріңіз.

Жоғарыда көрсетілген нұсқауларға сәйкес, сіз жазатайым оқиғаны алдын ала аласыз және үлкен апаттан құтылуға болады! Құтқару қызметінің телефоны -112.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.