«Балбөбек Аруы — 2022»

0

16 тамыз күні сағат аудандық Мәдениет үйінде «Балбөбек Аруы 2022» атты бүлдіршіндер байқауы өтті. Байқапу мақсаты Қазақстан Республикасы ПрезидентіҚасым- Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялануына байланысты өскелең ұрпақтарды қолдау, рухани байлықты бойларына сіңіру, қазақтың салт дәстүрін насихаттау, мәдени тұрғыда тәрбиелеу болып табылады.

Жалпы байқауға жасы 5-7 аралығындағы бүлдіршіндер қатысты. Барлығы 14 бүлдіршін 4 сынды кезеңнен өздерін таныстырып, өнерлерін, қол өнерлерін көрсетіп, сән киім үлгісінде ортаға шықты, онымен бірге қазіргі заманауи Тик-Ток әлеуметтік желідегі 3 минуттық видео түсірілімдерін ұсынды.
Байқауға ауылдық округтердегі балабақшалары және білім мекелеріндегі бүлдіршіндер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынға Нариманқызы Жансель (7 жас), Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясының оқушысы, Арзыбекова Хадиша (5 жас), Әлжан ана ауылының «Алихан» балабақшасы, Савхозова Айзере (5 жас) Қордай ауылы «Бөбек» балабақшасы ие болды. Ал, ІІ орынға Болысбек Айшолпан (6 жас) Қордай ауылы «Керімбала» балабақшасы, Ильченко Дарья (5 жас), Қордай ауылы «Керімбала» балабақшасы, Қайрат Анель (6 жас), Қордай ауылы «Нұр Академия» тәрбиеленушісі ие болса, жүлделі І орынды Қуат Кәусар (6 жас) Кенен ауылы «Алтын бесік» балабақшасы, Жұманқұл Кәусар (6 жас) Қордай ауылы «Керімбала» балабақшасы жеңіп алды.
Бас жүлдені Кенен ауылының «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиеленушісі Қасым Айым Қанатқызы жеңіп алды.
Барлық қатысушылар аудандық Мәдениет үйінің арнайы дайындаған бағалы сыйлықтарымен, диплом, алғыс хаттармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.