Балдырғандар бақытқа бөленген күн

0

Бала – өміріміздің жалғасы, көз қуанышымыз, еліміздің ертеңі, сенімді тірегі. Бейбіт елде қашанда баланың риясыз  күлкісі естіледі. Сәбидің сыңғыр күлкісі әлемді жамандық атаулыдан қорғап, шуақты нұрын шашады.

Балаға көрсеткен мейіріміз бен махаббатымыз оның келешегінің іргетасын қалайды. Қамқорлықты көріп өскен перзент есейгенде өзі де өзгелерге жақсылық жасап, жанашырлық танытып, көмектесетін ұлтжанды бала болып өсері анық. Сол себепті де үлкендер әркез баланың маңдайын сипап, қолдау көрсетіп, жанынан табылғаны дұрыс. Дәл осы қолдау мен балаға қуаныш сыйлау Қарасу ауылында  тұратын, жүректері мейірімге толы Барманқұловтар отбасы туралы айтылған сияқты. Оған дәлел  бұл  отбасы 1маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өздерінің «Жолдасбек Ата» атты этно жекежайында №7 Александр Пушкин атындағы орта мектебінің мектеп  жанындағы лагеріне қатысып жүрген балақайларға ұмытылмас, керемет көңіл күй сыйлады. Балаларымыз көңілі тойғанша серуендеп,  қазақтың алтыбақанына мініп, ақ қанатты киіз үйдің ішінде аунап –қунап, ән айтып, би билеп,  «арқан тартыс», «орамал тастау», «қол күрес» сынды ұлттық ойындар ойнады. Барманқұловтар отбасы тарапынан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, тәтті шырынды сусын мен балмұздақ таратылды. Серуеніміз тәтті тағамдарға толы мерекелік дастарханмен аяқталды.

Мектеп әкімшілігі Барманқұловтар отбасына өз алғысын білдіреді. Осындай мейірімді жандар көп болсын дегіміз келеді!

№7 Александр Пушкин атындағыт орта мектебі

Leave A Reply

Your email address will not be published.