БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

0

Қазақстанда балық ресурсы жетерлік, сондықтан балық шаруашылығы елдің экономикалық дамуына айтарлықтай ықпалын тигізуі мүмкін. Соңғы жылдары аталмыш салада бірқатар жұмыс атқарылып, бүгінгі күнге Үкімет тарапынан алға тартқан бастамалардың нәтижесінде балық шаруашылығы сәтті даму үстінде.
19 мамыр күні «Korday Fish» балық шаруашылығының аумағында өңірде балық шаруашылығын дамытуға арналған семинар өтті. Іс-шараға Қордай ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұратхан Шөкеев, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Болат Асамбеков, Жамбыл облысы бойынша «Балық шаруашылығының қауымдастығы–BD» заңды тұлғалар бірлестігі өкілдігінің басшысы Виктор Хе, Қордай ауданы әкімдігінің аппарат қызметкерлері, су айдындарын қолданушылар және кәсіпкерлер қатысты. Семинар барысында аталмыш саладағы маңызды мәселелер көтерілді. Бүгінгі күнге Жамбыл облысында 122 балық шаруашылық су айдыны бар. Балқаш көлінде жалпы мемлекеттік мәні бар 18 учаске бар. Жиында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, саланы дамыту бойынша ұсыныстарын енгізді. Болашақта осындай жиындарда технологияларды дамыту, балық саласы аграрийларының білім деңгейін және тәжірибелерін арттыру мәселелерін қарау қажет деген нәтиже шығаруға болатыны анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.