Бірақ, таулы аймақта табиғат мінезі өзгешелеу болып келеді. Жақында Сұлутөр мен Көктебе ауылын жалғап жатқан жолды су шайып кетті. Абырой болғанда ешқандай шығын жоқ. Бірақ, жол бұзылды. Сол орынға бірден жеткен аудан әкімі Бегзат Болатбеков жолдың жағдайын көзбен көріп, мамандармен сөйлесіп, бірқатар шаралар қолдану турасында шешім қабылдауда. Алдымен ауыр техника жіберіліп, жол тегістеуге күш салмақ. Одан кейін аудандық маңызы бар саналатын Сұлутөр мен Көктөбе ауылдарын жалғайтын жолды жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттама жасалатын болды. Яғни, құжаты дайын болса қаржы да қарастырылмақ. Аудан басшысының айтуынша, сол арқылы көпірлер салып, жолды кеңейтіп, су жүретін трубалар жайында жақсарту қажет.
Қазіргі таңда ауыл арасы қатынаушыларға ешқандай қауіп жоқ. Аудан әкімі барлық жағдайды бақылауына алған, ал ауылдық әкімдік тұрғындарды жолда қауіпсіздікке аса мән беруге шақыруда.