БАРЛЫҚ СҰРАҚ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

0

Ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, сұрақтарына құлақ түретін кезекті қоғамдық қабылдау жақында Сарыбұлақ пен Қақпатас ауылдық округтерінде өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары ауылдарға арнайы барып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап қайтты.

Құрамына Қайнар ауылы кіретін Сарыбұлақ ауылдық округінде қабылдауға келген тұрғындар қарасы көп болды. Осындай қабылдауларда байқағанымыздай ауыл халқы негізінен өздері тұратын елді мекеннің жайын айтып, проблемаларын жеткізуге тырысып жатады. Әрине, жеке мәселелерімен келетіндері де бар. Мысалы, ауыл ақсақалы Қуантай Бұзаубаев «Жаңа күш», Жосалы», «Атамекен» көшелерін жарықтандыру, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу туралы сұрақты көтерді. Қазіргі таңда аталған көшелерге су құбырын жүргізу жұмыстары басталғаны туралы ақсақалға түсініктеме беріліп, өзге де сұрақтарына заң аясында жауаптар айтылды. Тағы бір тұрғын Умидой Исмаилова күйеуіне денсаулығына байланысты мүгедектік ала алмай жүргені туралы шағым айтып, ол мәселе бірден назарға алынды. Сонымен қатар, қабылдау барысында құжаттарды рәсімдеу, азаматтық алу сынды жеке сұрақтармен келгендер болды. Оның барлығына заңды түрде жауаптар беріліп, жолдары түсіндірілді.
Осындай қабылдау Қақпатас ауылдық округінде де болып, онда көтерілген сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кейбірі назарға алынды. Қабылдау жүргізген тұлғалар ауыл тұрғындарын мазалап жүрген барлық сауалдар бақылауға алынып, өтініштер бойынша тиісті жұмыстар атқарылатыны жеткізіп, қоғамдық қабылдауда айтылған мәселелердің оң шешілуінің барлық заңды жолдарын қарастыратындығына сендірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.