БАРЛЫҚ САЛАДА ОҢ ДИНАМИКА БАР

0

24 қараша күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баспасөз конференциясына қатысып, ауданның 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы баяндап, тілшілер тарапынан түскен сұрақтарға жауап берген болатын. Сол брифингте айтылған ауқымды дүниелерді ықшамдап алып, оқырманға ұсынбақпыз.

Биылғы жылы ауданда барлық сала бойынша оң динамика қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім 140,6 млрд. теңгені құрап, оның ішінде даму драйвері саналатын өнеркәсіп 15,8 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы 70,1 млрд.теңгеге орындалса, инвестиция 36,7 млрд.теңге болып, құрылыс жұмыстары 13,1 млрд.теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіштер ең алдымен жұмыспен қамтуға көмек болды.

Агроөнеркәсіп кешені саласында есепті кезеңге 2,3 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба іске қосылып, 50 жұмыс орны ашылды. Өнеркәсіп саласында 1,7 млрд. теңгені құрайтын 29 жоба іске қосылып, 136 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, 740 млн. теңгеге 6 жобаны іске асыру жоспарлануда, соның нәтижесінде 47 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Қазір 2 жобаның құрылысы аяқталып, 23 тұрақты жұмыс орындары ашылды. Бұл жобалар әсіресе ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға сеп болуда.(Беріктас ауылында ауысымына 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пунктті, Аухатты ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені).

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 556 бірлікті құрап отыр. Сондай-ақ,  кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған адам саны 15 951 адам болды. Бүгінгі күнге ауданда түрлі бағдарламалар арқылы жалпы   5  млрд. теңгеге несие беріліп, 32 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2023 жылы аудан бойынша жалпы 30 жобаға бюджеттен 9,6 млрд. теңге бөлініп, іске асырылуда. Оның 21-нің құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс, 9 нысан 2024 жылға өтпелі болып отыр. «Жайлы мектеп» жобасы ауданымызда табысты іске асып жатыр. Жоба аясында Қаракемер, Қарасу ауылдарындағы 300 орындық мектеп және 1 жоба — Бәйтерек ауылындағы 150 орындық мектеп құрылыстары жүруде. Одан бөлек «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2024 жылы Қордай ауылында 900 орындық мектептің құрылысын салу жоспарда бар.

Президент Жолдауында миллионға жуық адам тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болғанын атап өтті. Мұнда Қордай ауданы да қалыс қалған жоқ. Аудан азаматтарын тұрғын үймен қамту бойынша тұрғын үй кезегінде 2321 азамат кезекте тіркелген. Қазіргі таңда аудан бойынша 60 пәтерді сатып алуға республикалық бюджеттен 576 млн. теңге қаражат бөлінді. Осы жоспарды орындау мақсатында арнайы 4 пәтерлі 1 қабатты тұрғын үйдің эскиздік жобасы әзірленді. Әр пәтердің көлемі 58 шаршы метрді құрайды. Осы жоба аясында мердігер анықталып, қазіргі таңда Қордай ауылында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталып, 30 пәтер сатып алынды, қалған 30 пәтер жыл соңына дейін сатып алынып қолданысқа беріледі. Одан бөлек, «Асар» жобасы аясында 2023 жылға 16 аз қамтылған отбасыны жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Жалпы аудан бойынша 14-35 жас аралығында 48 500 жас бар. Бұл аудан халқының 33% құрап отыр.

2023 жылдың 10 ай қортындысы бойынша 1685 жас азамат әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылса, оның ішінде 1114  жас  ваканттық бос жұмыс орындарына  жолданды. Қыркүйек айынан бастап 40 жас қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылды. Ал,  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 320 жас оқуын аяқтап, сертификаттарын алды.Сонымен қатар 33 азаматқа жалпы соммасы 45540,0 мың теңге көлемінде  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант берілді. Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулие ата жастары» бағдарламасы арқылы 6 қордайлық жас отбасы «Отбасы банкі» арқылы баспаналы болды.

Талай ауылдың түлеуіне серпін берген «Ауыл аманаты» жобасы Қордайда табысты іске асуда. 2023 жылы 3 ауылдық округ қатысып, 1,9 млрд. теңгеге 354 ауыл тұрғындарын 2,5%-бен несиелендірілу жоспарланған. Бүгінгі таңда Кенен ауылдық округінде мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 73 азамат, Қарасу ауылдық окургінде 69 азамат, Қаракемер ауылдық окургінде 137 азамат несие алды. Олардың алды қазір табысты кәсібін бастап үлгерген.

Аграрлы саналатын Қордай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 609 мың 175 га құрайды. Қазір масақты дақылдардың  65 341 гектары толығымен орылып, 60 767 тн астық бастырылды. Аудан бойынша масақты дақылдардың орташа өнімділігі 9,3 центнерден айналды.

1617,8 млн. теңгеге барлығы 261 бірлік техника алынды.

2023 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспардағы 10,9 млрд. теңге, түскені 11,8 млрд. теңге немесе 108,7 %-ға орындалып, 947,6 млн.теңге артық түсті. Аудан бюджетінің шығыстар бойынша есептік кезенде игерілуі 10,9 млрд. теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.