«Бала өсті дегенше, батыр өсті десейші, батыр өнер білмесе, қапыл өсті десейші» дегендей, балалардың қапыл болмай, батыр болып өсуі үшін де барша қоғамның балаларға қол ұшын созуы – ең игі істің бірегейі, біртұтас елдігіміздің бейнесі болмақ!
Қыркүйекке дейін жалғасатын «Балаларды мектепке даярлаймыз» республикалық қайырымдылық акциясына үлес қосу – ең ізгі амал екені анық!
Сондықтан аудан азаматтарын мұқтаж балаларды қолдап, олардың жетпеген қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қайырымдылық көмек көрсетуге шақырамын.
Б.ҚАРАМОЛДАЕВА, «AMANAT» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, аудандық Қоғамдық кеңес төрайымы