«Барыңды бағала» – тарихи мұраны сақтау жолында

0
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің «Барыңды бағала» жобасы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және вандализмге қарсы күрестің жарқын үлгісіне айналды.

Наурыз айынан басталған бұл жоба Көне Тараз археологиялық кешені, М.Х.Дулати ескерткіші, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент және басқа да тарихи орындарда шаралар ұйымдастырды.

25 шара барысында 2500-ден астам адам қамтылып, ескерткіштер маңына 400-ден аса гүл мен ағаш отырғызылды. Сенбіліктер мен түсіндіру жұмыстары арқылы жастарға тарихи мұраның құндылығы түсіндірілді. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының өкілдері мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, өңірдегі 500-ге жуық тарихи жәдігердің сақталуына қоғамдық қолдаудың қажеттігін айтты.

«Барыңды бағала» жобасы – жастарды патриотизмге тәрбиелеудің және қоғамдық жауапкершілікті арттырудың тиімді тәсілі. Аналар кеңесінің мұндай бастамалары тарихымызды сақтауға және болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.