БАСПАНАҢДЫ ӨРТТЕН САҚТА!

0

Тұрғын үйлердегі өрттің басым көпшілігіне – отпен абайсыздық, мас күйінде темекі шегу, пешті, тұрмыстық газ құралдарын пайдалану барысындағы өрт қауіпсіздік талаптарын орындамауы салдарынан, электр аспаптарын дұрыс пайдаланбау, сондай-ақ қараусыз қалдырған электр жабдықтары, балалардың отпен ойнауы сияқты жағдайлар себеп болуда.
Өз баспанаңды өрттен сақтау үшін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
Электресептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;
Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
Бөлмені жылытуға қолдан жасалған электржылытқыш құралдарын қолдан-баңыз;
Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы «101», «112»-ге хабарласыңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау — сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайтынын есте сақтаңыздар.

А. СПАНДИЯР, Қордай аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері

Leave A Reply

Your email address will not be published.