БАСПАНАҢДЫ ӨРТТЕН САҚТА!

0

Алапат өрт өз жолында жылдар бойы жинаған мүліктерді жойып, тұрғындарға қайғы, ал үйге үлкен зардабын алып келері анық. Өкінішке орай, оттың құрбаны кінәлі адамдар, олардың көршілері және балалары зардап шегеді. Тұрғын үйлердегі өрттің басым көпшілігіне – отпен абайсыздық, мас күйінде темекі шегу, пешті, тұрмыстық газ құралдарын пайдалану барысындағы өрт қауіпсіздік талаптарын орындамауы салдарынан, электр аспаптарын дұрыс пайдаланбау, сондай-ақ қараусыз қалдырған электр жабдықтары, балалардың отпен ойнауы сияқты жағдайлар себеп болуда.

Өз баспанаңды өрттен сақтау үшін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:

  • Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
  • Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
  • Электресептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;
  • Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
  • Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
  • Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
  • Бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электржылытқыш құралдарын қолданбаңыз;
  • Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы «101», «112»-ге хабарласыңыз.

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау — сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайтынын есте сақтаңыздар.

 

Б. Әпілбек,

Қордай аудандық ТЖ

бөлімінің инженері

Leave A Reply

Your email address will not be published.