БАСПАНАҢДЫ ӨРТТЕРДЕН САҚТА!

0

Тұрғын үйлердегі өрттің басым көпшілігіне – отпен абайсыздық, мас күйінде темекі шегу, пешті, тұрмыстық газ құралдарын пайдалану барысындағы өрт қауіпсіздік талаптарын орындамауы салдарынан, электр аспаптарын дұрыс пайдаланбау, сондай-ақ қараусыз қалдырған электр жабдықтары, балалардың отпен ойнауы сияқты жағдайлар себеп болуда.

Өз баспанаңды өрттен сақтау үшін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:

Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;

Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;

Электр есептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;

Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;

Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;

Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;

Бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электржылытқыш құралдарын қолданбаңыз;

Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы «101», «112»-ге хабарласыңыз.

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау — сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайтынын есте сақтаңыздар.

А.СПАНДИЯР, Қордай аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері

Leave A Reply

Your email address will not be published.