Өткен жұмада ақпараттық топ мүшелері Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы – Президент бастамашылық еткен бағдарламалар мен мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі жаңа міндеттер болды.
Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауының 5 негізгі бағытын түсіндіріп, аталған стратегиялық құжат елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталғанын атап өтті.
«Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыру аса маңызды. Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз», деп ел Президенті айтқандай, мемлекетіміздің кемел келешегі жолында бір кісідей атсалысуымыз қажет», — деді насихаттық топ мүшелері.
Президент Жолдауының негізгі бағыттары биылғы жылы халықтың әлеуметтік мәселелеріне арналғанын көруге болады. Реформаларды қолдау үшін референдумда дауыс берген халықтың сенімі ақталады. Ақпараттық топ мүшелерінің айтуынша, Жолдауда қазақстандықтардың өмірін жайлы ететін және ертеңгі күнге деген сенімділікті арттыратын бірқатар мәселелердің шешімдері ұсынылған.
БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Prev Post
Next Post