«БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР»

0

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі ұлттық салт-дәстүр мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында «Батамен ел көгерер» атты облыстық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты бата беру дәстүрін дәріптеу, өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, батаның ғибратын ұрпақ бойына сіңіру. Аталған байқауды облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырады.

Байқаудың шартты бойынша оған әр қаладан және аудандардан жасы 60-тан асқан аға буын өкілдері қатыса алады.

Байқаудың шарттарымен ережелері Тараз қалалық, аудандық ардагерлер кеңестеріне қосымша жіберілді.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең қалалық және аудандық деңгейде, 2025 жылдың 20 сәуірі мен 23 мамыры аралығында өтеді.

Облыстық байқауға қатысушылар туралы ақпарат 25 мамырға дейін облыстық Билер кеңесіне жолдануы тиіс.

Екінші кезеңде қалалардан, аудандардан іріктелген батагөйлер «Батамен ел көгерер» облыстық байқауы 2025 жылдың 11 маусымда Қордай ауданында «Өтеген батыр» атындағы Мәдениет үйінде, Жібек жолы көшесі 201. сағат 11:00-де өтеді.

Қордай аудандық ардагерлер кеңесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.