Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі ұлттық салт-дәстүр мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында «Батамен ел көгерер» атты облыстық байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты – бата беру дәстүрін дәріптеу, өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, батаның ғибратын ұрпақ бойына сіңіру. Аталған байқауды облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырады.
Байқаудың шарты бойынша оған әр қаладан және аудандардан жасы 60-тан асқан аға буын өкілдері қатыса алады.
Байқаудың шарттары мен ережелері Тараз қалалық, аудандық ардагерлер кеңестеріне қосымша жіберілді.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең қалалық және аудандық деңгейде, 2025 жылдың 20 сәуірі мен 23 мамыры аралығында өткізілген.
Облыстық байқауға қатысушылар туралы ақпарат 2 маусымға дейін облыстық Билер кеңесіне жолдануы тиіс.
Екінші кезең қалалардан, аудандардан іріктелген батагөйлер «Батамен ел көгерер» облыстық байқауы 2025 жылдың 11 маусымында Қордай ауданы, Қордай ауылы, аудандық Мәдениет үйінде, Жібек жолы көшесі, 201 мекенжайы бойынша өткізіледі. Басталуы: сағат 11:00-де.
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі