«БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР»

0

Қордай аудандық мәдениет үйіне қарасты Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінде халқымыздың баға жетпес ұлттық құндылықтарының бірі бата беру дәстүрін жалғастыру, дәріптеу, ел арасында кеңінен насихаттау, асыл қазына қарияларымызға тән көркем қасиеттерді дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, жастарға ата салтымызды насихаттау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету мақсатында бойында өршіл рухы бар, парасатты ақсақалдарымыздың арасында «Батамен ел көгерер!» атты бата беру сайысы өтті. Қордай ауданының 95 жылдығына орай, және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы, «Мәдени даму» бағыты аясында ұйымдастырылған додаға барлығы жеті ақсақал қатысты. Байқауда қатысушыларымыз екі кезең бойынша бақ сынады.
«Тегін білу, тектіліктің белгісі» деп аталған бірінші кезеңде көнекөз қариялар өздерін таныстырып өтті. Ал «Бата – тәрбие бастауы» деп аталған екінші кезеңде қатысушыларымыз төрт түрлі бата берді:
1. Дастарханға бата;
2. Салт-дәстүрге байланысты баталар, (яғни отау құрған жастарға бата, бесік той, сүндет той, тұсау кесер және т.б);
3. Наурыз бата;
4. Ас қайыру батасы.
Байқау соңында төрелік еткен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбетов қатысушыларды құттықтап, осы байқауды ұйымдастырған Әлжан ана ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Мәдениет үйінің қызметкерлері өз тарапынан батагөй ақсақалдарға арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстап, мадақтама, алғыс хаттармен марапаттады. «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» — дегендей, аға буын өкілдерінің қатысуымен өткізілетін мұндай шаралардың өскелең ұрпаққа берер тағылымы мол екені сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.