БАТЫР ЕСІМІ ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

0

Өтеген батыр – XVIII ғасырдың бірінші жарты жылдығында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры.

Өтеген батыр жайында «Қазақ Энциклопедиясы»: «Өтеген батыр он бес жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етуге атсалысады. 1756 жылдар шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында он жеті жыл жүріп қайтыпты деген аңыз бар», — деп жазады.

Бабамыз 1773 жылы 74 жасында дүниеден қайтыпты. Батырдың денесі тиелген ақ нар Шолақ тауының бергі жағындағы Іле бойындағы Шеңгелді деген жерге барып шөккен екен. Өтегеннің сүйегі сол араға қойылыпты. Жетпісінші жылдары Қапшағай теңізінің суы жайылып, батырдың бейіті су астында қалу қауіпі болғандықтан Өтеген ұрпақтары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің рұқсатымен 1973 жылдың шілде айында бабамыздың сүйегін алып келіп, Жамбыл облысы Қордай ауданының Кеңес селосына (қазір Өтеген ауылы деп аталады) әкеліп, қайта жерлеген. Сол жылы Өтеген әруағына бағышталып үлкен ас беріліп, басына ескерткіш орнатылды.

Бақыт МОМАХАНОВ, Қарасу ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.