БАУЫРСАҚ ПІСІРУДІҢ ХАС ШЕБЕРЛЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ

0

Дүйсенбі күні Қордай ауылының орталық саябағында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Бауырсақ PARTY» атты бауырсақ пісіруден байқау өтті.

Іс-шараның мақсаты ұлттық тағамдарды дәріптеу, аспаздық дәстүрлерді және тағам мәдениетін сақтау, жас ұрпаққа ұлттық тағамдарымыздың бірі бауырсақты қадірлеп, қастерлеуді үйрету.

Байқауға әр ауылдық округтен келген 8 команда қатысып, қызыл күрең бауырсақты шеберлікпен дайындап, өз өнерлерін көрсетті. Қызықты және дәмді байқауды Қордай ауданының аналар алқасының төрайымы Роза Қағазбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Баян Ыбышева сынды тәжірибелі әділ-қазы алқасы бағалады. Сайысқа қатысушы командалар ас атасының бірнеше түрлерін дайындап әкелген, бірі дәмімен ерекшеленсе, бірі пішінімен баурады.

Әділ-қазы алқасының шешімімен І орынды — Ноғайбай ауылдық округі, ІІ орынды — Алға ауылдық округі, ІІІ орынды — Бетқайнар ауылдық округінің қатысушылары иеленді. Іс-шара жеңімпаздары «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бағалы сыйлықтары және диплом, алғыс хаттарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.