Бейнебақылау камералары іске қосылды

0

Аудан аумағында көлік қозғалысын реттеу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жылдамдықты реттеуге арналған бейнебақылау камералары іске қосылғандығын хабарлаймыз.

Бейнебақылау камералары аудандағы «Қордай» кеден бекеті жанында және №4 Балжан Бөлтірікова орта мектебінің жанында орнатылған.

Бейнебақылау камералары келесі бұзушылықтарды анықтайды:

— белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету;

— көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы;

— қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамау;

— көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық аспаптарын пайдалану қағидаларын бұзуы;

— тоқтау ережелерін бұзу;

— қарсы қозғалысқа арналған жол жағына шығу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.