Бел ауылының тұрғындарымен Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты – ұсынылып отырған конституциялық реформалардың мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіру, азаматтардың пікірін тыңдау және қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша ашық диалог алаңын қалыптастыру болды.
Кездесу барысында Отар ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Дауталин сөз сөйлеп, Конституцияға енгізілетін түзетулер елдің одан әрі дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Бел ауылындағы Оралхан Бөкей атындағы негізгі мектеп директорының орынбасары Э.Айнакулов өз пікірін білдіріп, конституциялық өзгерістердің маңыздылығына тоқталды.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Іс-шара ашық әрі мазмұнды диалог форматында өтті.