БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

0

Дүйсенбі күні «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, Сортөбе мен Масаншы ауылдық округінің тұрғындары және белсенді жастарымен кездесу өткізді.

Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбеков, округ әкімдері, жастар мен этнобірлестік өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты. Алғашқы кезекте, Масаншы ауылындағы мәдениет үйінің фойесінде аудан мектептеріндегі өзін-өзі басқару ұйымы жетекшілері және мүшелері арасында кездесу жиыны өткізіліп, «Ассамблея жастары» ұйымының басты қойған мақсат-міндеттері жайында түсіндірілді. Сондай-ақ, жастардың көкейінде жүрген мәселелер талқыланып, жаңа жобалардың жүзеге асырылуы сөз болды. «Еліміздің дамуына жастардың қосар үлестері қомақты. Жастар қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан олардың қызығушылықтарына құлақ түріп, дамытуға жол ашу аса маңызды. Осы арнада сіз бен біз болып жұмысты ілгерлетуіміз керек. Мен өзім қоғамдық қызметке мектепте оқып жүрген кезімде келдім. Мектепте балалар мен жасөспірімдерге арналған ұйымға мүше болып бардым. Туған қалам Жезқазғанда «Болашақ» ұйымы болды. Оқушы үшін осындай қоғамдық ұйымдардың құрамында болу көптеген қасиетті игеруге мүмкіндік береді. Себебі оқушы коммуникацияға үйреніп, өз ісіне жауапкершілік алады. Мектеп кезінде оқушының тұлға болып қалыптасып, тәжірибе жинауына қоғамдық ұйым өте үлкен септігін тигізеді. Бұдан кейін де қоғамдық жұмыс жалғасын тапты. Мектеп президенті болдым. Бұл өзіндік басқару әдісін меңгеруді үйретті», — деді Тимур Ғабдолұлы. Жастар ұйымының төрағасы атағандай, мектеп пен университет кезінде алған білім мен қасиет болашақта барлық жұмыстың негізіне айналады.

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Ғабдолұлының айтуынша, бұл ұйымның негізі мақсаты — жастардың бастамаларын дамыту, қолдау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық жастардың әлеуметтік деңгейін көтеру болып табылады.

Келесі кезекте, жиын барысы

Сортобе және Масаншы ауылындағы мәдениет үйінде жалғасып, бірқатар белсенді азаматтарға ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың атынан алғыс хаттар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.