Белсенділікке шақырды

0

АЭС салуды қолдау жөніндегі Жамбыл облыстық халықтық штаб мүшесі Айман Ашимова аудандық штаб мүшесі Гүлнар Әлімбаевамен бірге Бетқайнар ауылында болып, тұрғындарға ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде биылғы жылдың  2 қыркүйегінде болған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіріп, 2024 жылдың 6 қазанында өтетін референдумға әр адамның белсенді қатысуының маңызды екенін жеткізді.

Ауыл тұрғындары АЭС-тің елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар екенін түсініп, жобаны қолдауға дайын екендерін білдірді. Сонымен қатар, АЭС салу арқылы Қазақстан жас мамандарды даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға мүмкіндік беретінін айтып, атом энергетикасы саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялар жастарды жоғары білікті мамандар ретінде тәрбиелеуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететіні сөз болды. Бұл Қазақстанның ғылым мен технология саласындағы әлеуетін арттырып, білім беру сапасын жақсартуға зор мүмкіндік екені айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.