Береке мен бірліктің бастауы: Кенен ауылында Наурыз тойы

0

Береке мен бірліктің бастауы: Кенен ауылында Наурыз тойы
Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі Кенен ауылында ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
Мерекелік іс-шара ауыл орталығында ұйымдастырылып, шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, көріністер арқылы көпшілікке ұсынылды.
Сонымен қатар, өнерпаздар ән шырқап, күй тартылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ұлттық ойындар ойнатылып, қолөнер шеберлерінің көрмесі тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Наурыз мерекесіне жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтар ақ дастархан басында бас қосып, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.