1991 жылы 22 маусымда Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылында дүниеге келген. Ұлты: қазақ.
Білімі: жоғары.
2013 жылы Тараз қаласы «Жамбыл» гуманитарлық-техникалық Университетінде «Қаржы» мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің іс жүргізушісі болып бастаған.
2013-2014 жж. – Степной ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепші кассирі міндетін атқарушысы;
2014-2016 жж. – Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қаржыландыру, бухгалтерлік есеп секторының бас маманы;
2016-2017 жж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы;
2017-2018 жж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маман есепшісі;
2018-2022 жж. – Жамбыл облысы Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманының міндетін атқарушысы;
2022 жылдан Жамбыл облысы Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен, егер Бетқайнар ауылдық округінің әкімі лауазымына сайлансам, төмендегі бағыттар бойынша ауылдың дамуына бар күш-жігерімді саламын:
— Ішкі жолдарды жөндеу, көше жарықтандыруын жаңарту.
— Ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту бойынша жобаларды жүзеге асыру.
— Көп балалы, аз қамтылған отбасылар мен қарттарға тұрақты қолдау көрсету.
— Әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру.
— Мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту.
— Ауылда медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал ету.
— Жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету.
— Мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
— Әрбір шешімді ауыл тұрғындарымен ашық ақылдаса отырып қабылдау.
— Халықпен кері байланысты күшейту.