БЕТҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНАН ҮМІТКЕР ҚҰТТЫҚОВ БАҚЫТЖАН БАУЫРЖАНҰЛЫ

0

Мен, Кұттықов Бақытжан Бауыржанұлы 1987 жылы 28 қарашада Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылында дүниеге келдім. 2005-2007 жылдары «Ақтобе» коорпаративтік колледжінде «Қаржы» мамандығын бітірдім. 2007-2010 жылдары Тараз қаласы «Жамбыл Гуманитарлық-Техникалық Университетінде «Қаржы» мамандығын аяқтадым.

Еңбек жолымды, 2012 жылы ҚР АШҚ ВБжҚК» Республикалық эпизоотияға қарсы отряд РММ Жамбыл облысы, Қордай ауданы «Қарасу» бекетінде штаттан тыс дезинфектор болып алғашқы еңбек жолымды бастадым. 2016-2021 жылдары «Чайзат» шаруа қожалығының басшысының орынбасары болдым. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы, Бетқайнар ауылдық округі әкімі қызметін атқарудамын.

Өзекті мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.

Мен мұны тек Сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай аламын!

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

Бетқайнар, Соғанды ауылдарының жайылым жерінің жетіспеу мәселесіне;

Бетқайнар, Соғанды ауылдарының көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

Бетқайнар, Соғанды ауылдарының көшелерін жарықтандыру жүйесін қосуға;

Бетқайнар ауылының көшелеріне инфоқұрылым жүргізуге;

Бетқайнар ауылының орталық саябағына аллея салуға;

Соғанды ауылына кіші футбол алаңын салуға күш саламын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.