Бетқайнардағы берекелі күн

0

№27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің мәжіліс залында “Қарттарым- асыл қазынам” атты Бетқайнар ауылдық округімен, мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.

Шарада ауыл әкімшілігінің бас маманы Е.Омарбаев, мектеп директоры А.Бейсебекова ардагерлерге өздерінің құттықтау сөздерін арнады. Ардагерлерге “Аманат” партиясының Қордай аудандық филиялының атынан грамотамен қоса, заттай сыйлықтарын қоса тапсырды. Қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін Алғыс хатын мектеп директоры біраз белсенділерге де табыстады. Өз кезегінде ауылдың беткеұстар қарттарының бірі Исатай Қарабаев ауыл әкімшілігі мен мектеп ұжымына алғыс айтып, ұлағатты ұстаздарды мұғалімдер күнімен құттықтап, оларға жылы лебізін білдірді. Жиын соңынан ардагерлер мектеп оқушыларынан құралған жас өнерпаздардың шағын концерттік бағдарламасын тамашалады.

Бетқайнар ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Кеженбаев мерекенің мұнымен аяқталмағанын, іс-шараның ауылдық спорт сарайында өз жалғасын табатынын айтқаны сол екен, ардагерлер спорт кешеніне бет алды. Мұнда оларға дойбыдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс барысында жақсы нәтиже көрсеткендерге «Аманат» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан үлесетері, партияның беделі мен рөлін көтеруге белсене араласқаны және «Арадагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «1-қазан қарттар күніне» орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты спорттық жарысқа қатысып I — II — III жүлделі орынды иеленгендер Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозовтың атынан грамоталарға ие болды.

Аймахан Көрпелдесов, зейнеткер, Бетқайнар ауылы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.