БЕЗГЕК АУРУЫ

0

Безгек індеті – сау адамға анофелес текті маса шаққан ауру адам арқылы жұғады. Безгек індетінің микроскоп арқылы ғана көрінетін паразитті ұрықтар, адам мен маса ағзаларында екі цикл кезеңінде өсіп өңеді.

Адам мен жануарларды тек ұрғашы ғана шағады, ал еркек масалар шөптің сөлімен қоректенеді. Безгек масалары шөбі мол, шағын таза су айдындарында өсіп өнеді. Қанға тойған маса суға жұмыртқалайды. Жылы суға (+10 о С) түскен жұмыртқалардан ұрықтар, одан құрттар пайда болып, өсіп-өну кезінде сыртқы қабығын бірнеше қайтара тастап, ұшып шығады. Қанында маса ұрықтары бар ауырған адам немесе паразит тасығыштар індет көздері болып табылады.

Ұстама тосын басталып, бас ауырып, қалтырап – дірілдеп, дене қызуы 40-41 градуске дейін көтерілсе, безгек індетінің басталу белгілері болып саналады. Ұстамаға дейін буындар сырқырап, делсалдық пайда болып, ауыз құрғауы да мүмкін. Бірнеше сағаттан кейін дене қызуы төмендеп, қатты терлеп, шаршау сезімі пайда болады. Тропикалық елдерден келген адамдарда көп жылдардан кейін де осы белгілер байқалса, дереу дәрігерге көрінуі қажет. Ауырған адамның тез жазылуына оның дәрігерге тезірек көрініп, ерте ем алуының маңызы зор.

Безгек індетіне қарсы түрлі дәрі-дәрмектер қолданылады. Дер кезінде және дұрыс жасалған ем, ұстаманы бірнеше күннен кейін тоқтатады.

Денсаулығыңыз жақсарса да дәрігердің нұсқауын толық орындап, емделуді тоқтатпаңыз!

Індетті адамдар мен індет тасушыларды тезірек анықтап, емдеу – безгек індетіне қарсы күрес шараларының ең тиімдісі.

Масалар өсіп — өнетін айдындарды, суаттарды тереңдетіп, тазалап, масалардың жетілуіне жол бермеуің маңызы зор. Саяз суаттарға топырақ, құм, тас төгу керек. Саяз суларды биологиялық әдіспен тазалап, шөп қоректі балықтарды (гамбузий) жіберу де пайдалы. Елді мекендердегі су айдындарына, тұрғын үйлер мен басқа да жайларға залаласыздадырғыш ерітінділер пайдалану қажет. Үйдегі терезелерге тор ұстап, масаханалар қолданып, дәрі-дәрмектер пайдалана отырып, масалардың шағуына жол бермеу қажет.

Безгек індетіне қарсы күрес жүргізіп, алдын-алу, оның тұрғындар арасында тарауына жол бермеу – еліміздің әр азаматының міндеті!

А.ОНГАРБАЕВА, аудандық санитариялық-эпидемологиялық бақылау басқармасының, эпидемилогиялық қадағалау және бақылау бөлімінің жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.