Білектілер бәсекесінде топ жарды
19-27 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында 18 мемлекеттен 1000-нан астам спортшылардың қатысуымен қол күресінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті.
Дүбірлі додада Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөліміне қарасты №5 Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі Ерланұлы Мағжан бақ сынап, Азия чемпионатында жүлделі l-орынды қанжығасына байлады. Елінің көк байрағын желбіреткен жеңімпаз бен жаттықтырушысы Қуатбаев Нұрсерікті білім бөлімінің басшысы, аға буын өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, Мағжанның туған-туыстары және №5 Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұжымы туған жерінде салтанатпен қарсы алды.
Енді Мағжан қол күресінен жаз айында Молдавия мемлекетінде өтетін әлемдік аренада ел намысын қорғамақ. Мағжанға талмас білек пен берік жеңіс тілейміз!
Білектілер бәсекесінде топ жарды
Prev Post
Next Post