Білім- елдің болашағы, ал ұстаз — сол болашақтың сәулетшісі.

0

Білім- елдің болашағы, ал ұстаз — сол болашақтың сәулетшісі. Ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген педагогтардың орны әрдайым ерекше, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Майя Қадирова

Шу ауданы, Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
2024 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болған білікті педагог. Ол оқушыларға сапалы білім берумен қатар, олардың жан-жақты дамуына үлес қосып келеді.

Наталья Волотько

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі.
2024 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген. Оның шәкірттері түрлі білім додаларында жоғары нәтижелер көрсетіп жүр.

Мираш Бегілдаева

«Дарын» мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы.
Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы (2021 ж.)

Айгүл Қалмаханова

Тараз қаласындағы №66 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
«Үздік педагог – 2019» байқауының жеңімпазы, «Әлем педагогі» конкурсының номинанты.
Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы (2021 ж.)

Забира Молдабекова

Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі.
2024 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен марапатталған.

Бұл ұстаздардың барлығы — тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар қоғамның дамуына үлес қосып жүрген тұлғалар. Олар шәкірт тәрбиелеу арқылы елдің ертеңін қалыптастырып келеді.Егер бұл тізімде сіздің де ұстазыңыз бар болса, қолдау білдіруді ұмытпаңыз. Оларға жылы сөз айтып, алғысыңызды жеткізу — үлкен құрметтің белгісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.