Бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды

0

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАДЫ.

«Қазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау науқаны аяқталды. Құжаттар 1 сәуірден 1 тамызға дейін қабылданды. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар 400 мыңға жуық өтініш берген. Балалардың 70%-дан астамы мемлекеттік тілде оқуды таңдады», делінген министрлік хабарламасында.

Білім министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті хабарлағандай, енді мектептер оқу процесін дайындау мен ұйымдастыруға кіріседі.
Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша Жамбыл облысы 80,4% көрсеткен. Бұл еліміз бойынша жоғарғы көрсеткіштер қатарында. Айта кетсек, өтінімдердің 80%-ы электронды түрде берілген. Ал ауданымызда биыл үш мыңға жуық балақай мектеп табалдырығын аттамақ.
Білім беретін 48 мемлекеттік мектепте 30386 оқушы және 12 бастауыш жекеменшік мектепте 1292 оқушы білім алды. Барлығы 31678 оқушы қамтылған. Аталған мектептердің 25-і мемлекеттік, 2-і ресми, 33-і мемлекеттік және ресми тілдерінде жұмыс жасайды.
Пән мўєалімдерініѕ біліктілігін арттыру курстары жїруде

Елімізде пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Оларды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері EdCrunch Academy-мен бірлесіп әзірлеген. Ондай курстардан аудан мұғалімдері де өтуде.
Мамандар 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірледі. Математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих, жаратылыстану, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш сынып мұғалімдері курстан өтуде. Курстар басталған күні 6 603 мұғалім оқуға кірісті. Бастамас бұрын мұғалімдер цифрлық платформада диагностикалық тестілеуден өтеді. Бұл курстар басталған кезде мұғалімдердің пәндік білім деңгейін анықтау үшін қажет. Тестілеу педагогтердің оқудағы қажеттіліктерін анықтауға және білім беру бағдарламасының тиімділігін бағалауға көмектеседі. Курстың басынан сабақтың соңғы нәтижесіне дейінгі оқу процесі толығымен талданады. Тестілеу нәтижелері құпия болады және қорытынды бағалауда есепке алынбайтынын еске сала кетейік», деді Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова.
Курстарды өту қорытындысы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін оқытудың тиімділігіне талдау және олардың алған білімдерін қорытынды бағалау жүргізіледі. Мұғалімдердің сабаққа қатысуы және олардың сабақтағы белсенділігі, мысалы, сыныптағы/топтағы басқа қатысушылармен өзара әрекеттесу, жауап беру және жаңа идеялар мен шешімдерді ұсыну сияқты критерийлер бойынша бағаланады. Содан кейін мұғалімдер қорытынды тест тапсырады. Тестілеуді сәтті аяқтау — курсты аяқтаудың міндетті шарты.
Сертификаттар барлық критерий бойынша шекті балл жинай алған қатысушыларға ғана беріледі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, пәндік құзыреттіліктерді арттыруға арналған білім беру бағдарламалары педагогтердің кәсіби дамуына және жұмыс сапасына оң әсер етеді. Бұл сонымен қатар жалпы білім сапасына, оның ішінде оқушының біліміне де оң әсерін тигізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.