Бірлігіміз – біздің басты байлығымыз. Тарих бізге көрсеткендей, татулық бар жерде ғана тұрақтылық пен даму болады. Сол Қазақта «Бірлік болмай – тірлік болмайды» деген дана сөз бар. Бүгінде осы бірлік пен ынтымақтың арқасында Қазақстан әлем мойындаған мемлекетке айналды. Ұлттар мен ұлыстардың тату тірлігі, бір-біріне деген сыйластығы – біздің ең басты байлығымыз. Бұл жолда әрбір қазақстандықтың атқарар рөлі зор.
Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім, ынтымақ пен ырыс салтанат құрсын! Достығымыз мәңгілік болсын!
Себепті әрқайсымыздың парызымыз – Отанымызды қорғап, бейбітшілікті сақтау.
Темиров Махмет
Махмет Темиров, Талас аудандық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі