Бірлік басты байлығымыз

0

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында аудан әкімдігінің мәжіліс залында салтанатты түрде аудандық этномәдени бірлестіктердің өкілдері марапатталды.
Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың төрағалығымен өткен іс-шараға түрлі ұлт өкілдері жиналды. Айта кетсек, бұл қатарда «Азери» әзірбайжан этномәдени орталығының, «Отечество» славян этномәдени орталығының, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының, «Шаңырақ» қазақ этномәдени орталығының, дүнген этномәдени орталығының, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының, «Саладин» күрд этномәдени орталығының басшылары болды. Жиын барысында Мәден Тоқтарбайұлы жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
«Елімізде тұратын этностардың достығы мен бірлігі Қазақстанның ең басты байлығы болып табылады. Биік шыңдарды тек бірлігі жарасқан ел бағындыра алатынын естен шығармағанымыз абзал. Осынау айтулы күнде сіздерді Қазақстанның бірлігі күнімен құттықтай отырып, ұлтаралық татулықты нығайтуға қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс айтамын», — деген аудан әкімі бірқатар азаматтарды марапаттады.
Айта кетсек, Мәден Мұсаев «Қоғамдық келісім» КММ-нің Қордай ауданындағы маманы С.Насыров, «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Х.Абдуллаев, «Отечество» Қордай аудандық славян этномәдени бірлестігінің жетекшісі Л.Харченко, дүнген этномәдени орталығының жетекшісі В.Воинце, «Шаңырақ» қазақ этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ш.Саурукова, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі К.Дургалова, «Саладин» күрд этномәдени орталығының жетекшісі И.Асадов, дүнген этномәдени бірлестігінің жетекшісі А.Туншанлоға құттықтау қағазын ұсынып, бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Осыдан кейін қатысушыларды мерекемен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай ішкі саясат бөлімінің бас маманы Т.Қабылтай, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының мүшесі Д.Хурушанов, «Азери» әзірбайжан этномәдени орталығының мүшесі И.Дауткулова, Сортөбе ауылындағы дүнген этномәдени орталығының мүшесі Р.Гарова, «Шаңырақ» қазақ этномәдени орталығының мүшесі Г.Елеуова, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының мүшесі Н.Гаджаева, «Отечество» славян этномәдени орталығының мүшесі И.Шкляр, «Саладин» күрд этномәдени орталығының мүшесі С.Асадоваға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Н.Календеровтың Алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ, Дамира Маратқызы «Шаңырақ» қазақ этномәдени орталығының мүшесі Т.Өжіке, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының мүшесі А.Дургалов, «Отечество» славян этномәдени орталығының мүшесі Л.Лебедина, «Азери» әзірбайжан этномәдени орталығының мүшесі Г.Бадалов, Масанчи ауылындағы дүнген этномәдени орталығының мүшесі М.Джамбудурова, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының мүшесі Я.Ахтаханов, «Саладин» күрд этномәдени орталығының мүшесі А.Каримоваға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Садубаевтың Алғыс хатын тапсырды.

Бекжол Әпілжанов

Leave A Reply

Your email address will not be published.