«Бірлік даму үшін!»

0

Қарасай батыр, Жамбыл, Сарыбұлақ және Қайнар ауылдарының тұрғындарымен облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Жинақбаева, аталмыш мекеменің этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және мониторинг жүргізу бөлімінің бас сарапшысы А.Қаратаева сынды тиісті сала мамандарынан құрылған топ мүшелері кездесу өткізді.
Жиынның басты мақсаты жергілікті халықты елімізде іске асырылып жатқан саяси реформалардың, Жаңа Қазақстанның идеялары мен құндылықтарының маңызын, жалпыелдік «Бірлік даму үшін!» ұранымен этносаралық келісімді, округ тұрғындарының түйткілді мәселелерін тыңдау. Топ мүшелерінің баяндамаларынан кейін аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мықтыбек Алтыбаев облыс орталығынан келген қонақтарды елді мекендегі өзекті мәселелермен таныстырып өтті. Жиын соңында топ мүшелері ауыл тұрғындары тарапынан түскен сұрақтар бойынша жауап беріп, пікір алмасты.
Сапар барысында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Е.Қаншымбеков, мекеменің этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және мониторинг жүргізу бөлімінің әдіскері Р.Ерханұлы Қарасай батыр, Жамбыл, Сарыбұлақ және Қайнар ауылдарының жастарына қазақстандық қоғамдық келісім негіздерін түсіндіру мақсатында мектеп оқушыларына арналған тимбилдинг, ал, 10-11 мектеп оқушылары арасында мотивациялық кездесулер өткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.