БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫҢ АЙҒАҒЫ

0

Құрметті қордайлықтар!

Ауданымыздың православ христиандарын Рождество Христово мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке сенімнің, тазалықтың, шынайылықтың, махаббаттың және ізгіліктің терең мағынасын ескертеді. Рождество — жақындарымызға қамқорлық көрсетуге, өзара түсіністік пен мейірімділікке шақыратын ерекше уақыт.

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, қуаныш және тыныштық тілеймін! Осы мереке жүректеріңізді жылытып, үйлеріңізге бейбітшілік пен сүйіспеншілік әкелсін. Рождествоның жарқын шуағы өміріңізді жарықтандырып, әр күнді жақсылық пен бақытқа толтырсын! Бұл мәңгілік құндылықтар әр түрлі этностар мен нанымдардың адамдары достық атмосферасында өмір сүретін елімізде ерекше бағаланады. Біздің бірлігіміз бен ынтымақтастығымыздың арқасында Қазақстан халықаралық аренада өзінің беделін нығайта отырып, қарқынды дамуын жалғастыруда. Рождество мерекесінде Отанымыздың дамуы мен өркендеуі жолында үлес қосып жүрген ауданымыздың барлық православ азаматтарына ризашылық білдіргім келеді.

Әр отбасында бақыт, махаббат пен өзара түсіністік орнап, баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеймін.

Бегзат БОЛАТБЕКОВ, Қордай ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.