БІРЛІКТІҢ ҮЛГІСІН ТАНЫТТЫ

0

1 мамыр бірлік күніне орай Қырғызстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысына гуманитарлық көмек жолдаған болатын. Азық-түлік, көрпе, киім-кешек толы гуманитарлық көмекті Қордай ауданында этномәдени бірлестік жетекшілері күтіп алды. Қырғыз елінің аманат еткен қайырымдылық көмегін ауыр жүк көлігіне тиеп, Қостанайға бірлесе шығарып салды.

«Басыңа іс түссе, Жақсы көмек етеді», -дегендей, елімізде қарғын судан зардап шеккен халыққа қол ұшын созуда қырғыз ағайындар да қарап қалмады. Қырғызстан халқы Ассамблеясының жіберген гуманитарлық көмегін бүгін жүк көлігіне тиеп, аманатын жіберіп жатырмыз. Ынтымақ бар жерде, барлық қиындықты еңсеретінімізге сенемін. Күшіміз бірлікте екенін ұмытпайық»,-дейді славян этномәдени бірлестігінің жетекшісі Любовь Харченко.

Айта кетейік, бұл Қордай ауданынан су тасқынынан зардап шеккен облыстарға жөнелтілген алтыншы ауыр жүк көлігі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.